Танысын интимдік қызмет көрсетуге мәжбүрлеген ақмолалық әйел ұсталды
Ведомствоның мәліметінше, Көкшетау қалалық криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері облыс орталығында жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеу оқиғасын анықтады.
«Тәртіп сақшылары 32 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады, ол 27 жастағы қыздың материалдық жағдайын пайдаланып, интимдік қызмет көрсетуге мәжбүр еткен.
Зардап шегуші СҚО тумасы екені анықталды. Ол Көкшетау қаласында бейтаныс қызбен пәтер жалдап тұрған. Алайда, ақпан айының соңында жәбірленуші пәтер үшін төлем жасай алмады. Сол себепті, күдікті пәтер ақысын төлеу үшін оны жезөкшелікпен айналысу мәжбүрлейді», - деді ведомстводан.
Қазіргі кезде, осыған байланысты Қылмыстық кодекстің 308-бабы «жезөкшелікпен айналысуға тарту» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
«Куәгерлерден түсініктемесі алынып, күдікті қылмысын мойындады. Енді күдікті 3 жылын колонияда өткізу мүмкін», - деп толықтырды ведомстводан.