Танысын өлтірген алматылық екі әйел 16 жылға сотталды

Сот 2015 жылғы 26 сәуірде ол өз пәтерінде таныстарымен ішімдік ішкені анықталды. Отырыс барысында олар сөзбен келіспей қалады. Сотталушылар күш көрсетіп қарсыласқан әйелдің кешірім сұрауын талап етеді. Кешірім сұраудан бас тартқан әйелді алдын ала сөз байласқан қаскүнемдер тұншықтырып өлтіреді. Қылмыс ізін жасыру үшін мүрдені бөлшектеп, политэилен пакетке салған.
Келесі күні қылмыс ізін жасыру үшін ол бірге тұратын ер адамның келіп, мүрдені шығарып, көмуге көмектесуін өтінген.
Сот отырысында қылмыскерлер айыптарын толықтай мойындады, - деп атап өтті Алматы қаласы мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметінде.
ҚР ҚК 99-бабы 2-б., 7-тт. (кісі өлтіру) бойынша екі қылмыскерге 16 жылға бас бостандығынан айыру үкімі кесілді. Олар жазаларын жалпы режімдегі колонияда өтейтін болады.
ҚР ҚК 432-бабы бойынша сотталушыға жалпы режімдегі түзеу мекемесінде жазасын өтей отырып, екі жылға бас бостандығынан айыру үкімі шықты.