Танысына жарты миллион теңгенің несиесін алдыртып, қашып кеткен күдікті ұсталды - Ақмола облысы

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Танысына алдыртқан жарты миллион теңгенің несиесін қалтасына басып, ізін суытқан Көкшетау тұрғыны қолға түсті.
None
None

Бұл туралы облыстық ІІД баспасөз қызметі мәлім етті.

Полицейлердің мәліметі бойынша, қаңтардың 7-і күні Көкшетау қалалық ІІБ кезекшілік бөліміне жергілікті азаматша шағымданған. Әйелдің сөзіне қарағанда, өткен жылдың қараша айында белгісіз біреулер оның 500 мың теңге көлемінде қаржысын жымқырып кеткен көрінеді.

Осыған байланысты полицейлермен ҚР ҚК 188-бабының 1-бөлімі бойынша қылмыстық іс қозғалады. Жедел-іздестіру шарасы барысында 22 жасар Көкшетау қаласының тұрғыны қолға түседі. Кейін құқық қорғау органдарының қызметкерлері күдікті мен зардап шегушінің бұрын таныс екенін анықтайды.

Өткен жылы күдікті зардап шегушіге ортақ бизнес ашу жөнінде ұсыныс білдірген. Оған көнген әйел танысына бірден банктен 500 мың теңгенің несиесін алып берген. Алайда ақша қолына тиген жігіт бизнес те жоқ, ақша да жоқ, ізін суытқан.

Қазіргі кезде күдікті кінәсін мойындап, тергеу амалдары қолға алынған.

Соңғы жаңалықтар