«Тапсырыспен» жасалған қылмыстың мән-жайы анықталуда - ІІМ

АНА. 9 ақпан. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - Өткен жылы Қостанай облысында «тапсырыспен» жасалған қылмысқа қатысы бар азаматтар құрықталды.
None
None

Қазіргі кезде осы істің мән-жайы анықталуда. Бұл туралы бүгін ҚР Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Қуанышбек Жұманов мәлім етті.

Оның хабарлауынша, өткен жылдың 19 мамыры күні Қостанай облысындағы шаруа қожалықтары жетекшісінің біріне қастандық жасалды. Кешкі сағат 20.00 шамасында белгісіз біреу «Тойота Ланд Крузер Прадо» маркалы автомашинаның әйнегінен рульде отырған жәбірленушіні иығына және бетінен атып, екі жерден жарақат салған. Жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында Криминалдық полиция қызметкерлері қылмысқа тапсырыс берген Қостанай қаласындағы ойын клубының 59 жастағы иесін, сондай-ақ осы қылмысқа делдал болған 24 жастағы жергілікті тұрғынды және 23 жастағы орындаушыны ұстады. Қылмыс құралы - Макаров тапаншасы алынды. Қазіргі кезде «тапсырыспен» жасалған қылмыстың себептері мен мән-жайлары анықталуда.

Соңғы жаңалықтар