Таратпау мәселесіне қатысты болғанда Қазақстанның тәжірибесі мен сенімділігіне пара-пар келе алатын бірнеше ғана мемлекет бар - АҚШ Мемлекеттік хатшысы Х. Клинтон

АСТАНА. 5 қазан. ҚазАқпарат - Кеше Вашингтонда ҚР Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов пен АҚШ Мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтонның кездесуі өтіп, онда Қазақстан мен Құрама Штаттар арасындағы стратегиялық ынтымақтастықтың басым бағыттары талқыланды.
None
None

Бұл туралы еліміздің АҚШ-тағы Елшілігі таратқан ақпаратта айтылған.

Х.Клинтон Қазақстанға Ауғанстанды тұрақтандыру халықаралық күш-жігеріне қолдау білдіргені, оның ішінде еліміздің Солтүстік тарату желісінің дамуындағы конструктивті рөлі үшін ризашылығын білдірді. Сондай-ақ кездесу барысында өңірдегі сауда-экономикалық қарым-қатынастарды нығайтуға бағытталған «Жаңа Жібек жолы» бастамасын жүзеге асырудағы Қазақстанның белсенді рөлі ерекше аталып өтілді.

Американдық дипломат ядролық қаруды таратпау және қарусыздану саласындағы Қазақстанның жаһандық көшбасшылығын өте жоғары бағалады. Оның сөзіне қарағанда,  таратпау мәселесіне қатысты болғанда Қазақстанның тәжірибесі мен сенімділігіне пара-пар келе алатын бірнеше ғана мемлекет бар.

Е.Ыдырысовтың Қазақстанның АҚШ-тағы елшісі миссиясының аяқталуына орай Х.Клинтон оның екі ел арасындағы ынтымақтастықтың нығаюына қосқан үлесін жоғары бағалады.

Соңғы жаңалықтар