Тараз ауған соғысының батырларын еске алды

ТАРАЗ. 16 ақпан. ҚазАқпарат - Таразда ауған соғысындағы оқиғаларға арналған бірқатар іс-шара өтті.
None
None

Жастар авиациялық орталығының курсанттары ауған соғысында қаза болған жауынгер-жамбылдықтардың қабірлеріне гүл шоқтарын қойды.

Тараз қаласының №39 орта мектебінде ауған соғысының ардагерлері Керім Ісбасаров, Тұрсын Құрманаев пен Сәбит Есенғожиновтің, сондай-ақ соғыста қаза болған жауынгерлердің аналары мен жесір қалған әйелдердің қатысуымен «Ерлік сабақтары» әскери-патриоттық концерттік бағдарлама өтті. Оған оқушылар, студенттер, Жастар авиациялық орталығының курсанттары, облыстық «Арлан» арнайы жасағы құрылымының офицерлері, қоғам өкілдері қатысты.

Соғыста қаза тапқан «ауғандықтарды» еске алуға арналған митингке қалалық Ардагерлер одағының мүшелері және ауған соғысының мүгедектері, «Полиция академиясының» оқушылары, «Сұңқар» құтқарушылар мектебі, «Ұлан» әскери-спорттық клубтың тәрбиеленушілері жиналды.

Соңғы жаңалықтар