Тараз автокөлік паркі жаңа автобустар мен техникамен толықты

ТАРАЗ. 4 қаңтар. ҚазАқпарат /Галина Скрипник/ - Тараз автокөлік паркі 15 жаңа бағдарлы орташа сыйымдылығы бар автобустармен және арнайы техникамен толықты.
None
None

«АКП-1» ЖШС-нің автотасымалдаушылары ресейлік ПАЗ маркалы орташа сыйымдылығы бар 15 автобусты 31 мың АҚШ долларға сатып алды. Серіктестік ескірген автобустарды ауыстыруды және екі қалалық бағдардағы жаңа техниканың санын көбейтуді жоспарлап отыр», - деп баяндады Тараз қаласының әкімі Бекболат Орынбеков.

Мамандардың бағалауынша, жоғары жылдамдығы мен бұрылу үшін аз орынды қажет ететін ПАЗ автобустары облыс орталығының жіңішке көшелеріне, қарқынды қозғалысы бар жолдарға сәтті үйлеседі.

Өткен 2011 жылы Тараздың автотасымалдаушылары сыйымдылығы орташа және үлкен 60 автобус сатып алды. 2012 жылдың бірінші жартыжылдығында тағы 90 жаңа автобус алу жоспарланып отыр. 

Бұдан басқа, «Жасыл-Тараз» МКМ жеті біріктірілген жол көліктерін сатып алды. Олар қысқы уақытта жолдарды тазалауға, сонымен қатар жазғы уақытта суару және сыпыруға арналған. Аталған үлгідегі көліктерді өртті сөндіру кезінде қосымша құрал ретінде пайдалануға болады, деп хабарлады Тараз қаласы әкімінің баспасөз қызметінде.

Соңғы жаңалықтар