Тараз базары тағы өртенді

ТАРАЗ. 14 наурыз. ҚазАқпарат - Тараздың қалалық базарында тағы өрт болды.
None
None

Жамбыл облыстық ТЖД-нің баспасөз қызметінен хабарлағандай, «Атакент-Тараз» базарының аумағында сауда контейнері өртенді. Зардап шеккендер жоқ.

Оны сөндіруге №1-ші мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің екі бөлімшесі, кезекші өрт сөндіру қызметі, сондай-ақ облыстық ТЖД-нің тергеу бөлімінің қызметкерлері жіберілді.

Жалын өрт сөндірушілер келгенге дейін базар қызметкерлерінің күшімен жойылды.

Өрттің себебі мен келтірілген материалдық шығын көлемі анықталуда. Аталған факті бойынша өрт-техникалық сараптама тағайындалды.

Еске салайық, 2012 жылдың желтоқсанында «Атакент-Тараз» және облыс орталығының жаңа Орталық базарында өрттің екі оқиғасы тіркелді. «Атакентте» тауарлары бар үш дүңгіршек зардап шекті. Жаңа Орталық базарда 12 дүңгіршек толық, 16-сы жартылай өртенді. Екі оқиғада да өртену электр құралдарының қысқа тұйықталуынан және сатушылардың селқостығы салдарынан болды.

Соңғы жаңалықтар