Тараз бен Атырау арасында есірткі тасымалдаған азаматтар сотталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Азамат, Қанат, Салауат және Әлібекке қатысты сот үкімі шығарылды.
None
None

2015 жылдың қыркүйек айында Азамат Ақтау қаласындағы қатаң режимдегі түзеу колониясында жазасын өтеп жүріп, бұрын сотталған Қанат, Салауат және Әлібек есімді азаматтардан құрылған қылмыстық топ құрып, Тараз қаласынан Атырау қаласына аса ірі мөлшердегі есірткі затын (героин) сақтап, тасымалдауды ұйымдастырған.

Сот үкіміміен Азамат Қазақстан Республикасының ҚК-нің 28 бабының 3 бөлігімен, 297 бабының 4 бөлігімен, 262 бабының 1 бөлігінде көзделген қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған жаза ретінде мүлкін тәркілеп, 22 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Осы сот үкімімен Қанат пен Салауат Қазақстан Республикасының ҚК-нің 297 бабының 4 бөлігімен, 262 бабының 2 бөлігімен кінәлі деп танылып, оларға мүліктерін тәркілеп, 17 жылға бас бостандықтарынан айыру жазалары тағайындалды.  

Сот үкімімен Әлібек Қазақстан Республикасының ҚК-нің 297 бабының 4 бөлігімен, 262 бабының 2 бөлігімен кінәлі деп танылып, оған мүлкі тәркіленіп, 10 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды, деп хабарлайды Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметінен.

 

 

Соңғы жаңалықтар