10:04, 17 Ақпан 2009 | GMT +5
Тараз бюджетінің үштен бірін шағын және орта бизнес кәсіпорындары жасауда
ТАРАЗ. Ақпанның 17-сі. ҚазАқпарат /Галина Скрипник/ - Шағын және орта бизнес кәсіпорындары Тараздың экономикалық өмірінде айтулы рөл атқарады, олар қала қазынасына 30 пайыз кіріс әкеліп отыр,
![None None](/static/img/plug.webp)
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасына сілтеме жасап. Қала әкімі Ілияс Тортаевтың айтуынша, Таразда шағын бизнес, әлемдік қаржы дағдарысына қарамастан, орнықты дамуда. «Таразда құрылған шағын және орта бизнес кәсіпорындары жұмыс істеп тұр, жұмыс орындары қысқартылып жатқан жоқ, өнім бұрынғы көлемде және тиісті сапамен шығарылуда. Осы жайт, шағын және орта бизнестің ? жағдайға байланысты, кез-келген мезетте өндіріс ауқымы мен кадрларды сақтай отырып, өндірісті қайта бағдарлауға дайын икемді құрылым екенін тағы да дәлелдеп отыр», дейді Тараз әкімі. «Міне сондықтан да, Елбасымыз «шағын және орта бизнесті дамыту керек» деп әрқашан айтып отырады. Оны дамытуға бізде барлық жағдай бар, тек кедергі жасамау керек», дейді І.Тортаев.