Тараз ЭКСПО-2017 көрмесі туристерін қабылдауға дайындалуда

ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Бүгін Жамбыл облысының әкімдігінде ежелгі Тараз қаласы орналасқан жердегі археологиялық қазба жұмыстарының барысы талқыланды, деп хабарлады аймақ басшысының баспасөз қызметінен.
None
None

Археологиялық экспедициялардың өкілдері облыс әкімі Кәрім Көкірекбаевқа 2014 жылы атқарылған жұмыстары туралы есеп беріп, алдағы жылға белгіленген жоспарларымен бөлісті. Биыл археологиялық қазба жұмыстарына облыс бюджетінен 150 млн. теңге қаржы бөлінген.

Кеңес барысында сондай-ақ көне Тараз қаласын ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мұрасының тізіміне енгізу мәселесі талқыланды. 2014 жылы Жамбыл облысының 5 тарихи нысаны ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мәдени мұрасына қосылды. Бұлар - Ақтөбе (Степнинское), Құлан, Өрнек, Қостөбе және Ақыртас қалалары.

Аймақ басшысының айтуынша, көне қала орналасқан жерде ашық аспан астындағы мұражай салу көзделіп отырған Тараз қаласы Астанада өтетін ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі кезінде туристерді лайықты қабылдай алады.

Облыстық әкімдікте Тараз қаласының 2017 жылға қарай шетелдік туристер үшін тартымды да қызықты орынға айнала алады деп есептейді.

Соңғы жаңалықтар