Тараз қалалық соты 7 шетелдік азаматқа қазақстандық балаларды асырап алуға рұқсат берген жоқ

деп хабарлады Бас прокуратураның баспасөз қызметінен.
Сот, балалар мекемесінің әкімшілігі мен қамқоршы және қорғаншы органдар балаларды Қазақстан Республикасы азаматтарының отбасыларына орналастыруға жеткілікті шаралар қабылдамаған деген уәжбен, шетел азаматтарының қазақстандық балаларды асырап алу туралы 7 арызын қанағаттандырусыз қалдырды.
Сондай-ақ, Тараз қалалық соты Қазақстан Республикасы азаматтарының бала асырап алу туралы 51 өтінішін қанағаттандырды.
Бас прокуратураның баспасөз қызметі Тараз қалалық прокуратурасының «Үміт» балалар үйі әкімшілігінің қызметін тексеріп, Қазақстан Республикасының «Неке және отбасы туралы» және бала асырап алу мәселесі шешілетін кезде қолданылатын басқа да заңдардың талаптарына қатысты бірқатар заңбұзушылықтарды анықтағанын хабарлайды.