Тараз қаласы: өткен ғасыр мен қазіргі көрініс

Жамбыл
Фото: Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану мұражайы мұрағатынан

Kazinform агенттігі «Тарихи фото» айдарын ұсынады. Мұнда редакция тілшісі Тараз қаласының бірнеше ғасырдан бергі сәулеті қалай дамығанына тоқталады. 

Жамбыл облысы – қойнауына өткен дәуірдің сан алуан сыры мен бұйымдарын сақтаған республиканың киелі өңірлерінің бірі. Тараз сәулетінде өткен ғасыр мен бүгінгі заман үндесіп, көне қаланың қайталанбас келбеті жасалған.

Фото: Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану мұражайы
Фото: Фото: Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану мұражайы мұрағатынан

Бұрын Тараз өзенге шығатын радиал-айналма жоспары бар ірі қала болған.

Фото: Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану мұражайы
Фото: Фото: Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану мұражайы мұрағатынан

Орта ғасырларда қала көркі X – XII ғасырлардағы Қараханидтердің астанасы ретінде саяхатшыларды таңдай қақтырды. Ұлы Жібек жолы бойында орналасқан қаланың көркіне тамсанған саяхатшылардың жазбалары әлі күнге дейін сақталған.

Жамбыл
Фото: Фото: Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану мұражайы мұрағатынан

Қазіргі күні Тараз нағыз тарихи қорыққа айналды.

Жамбыл
Фото: Фото: Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану мұражайы мұрағатынан

Қаланың тарихи ядросында орталық базар болған, қазір ол жерде археологиялық қазба жұмыстары жүріп жатыр. Сондай-ақ мұнда «Көне Тараз» тарихи кешені орналасқан.

Жамбыл
Фото: Галина Скрипник / Kazinform
Тараз
Фото: Галина Скрипник / Kazinform

Қаланың тарихи ядросына Қоқан кезеңіндегі нысандар, Әулиеатаның «орыс» дәуіріндегі құрылыстары да кіреді.

Тараз
Фото: Галина Скрипник / Kazinform

Қаланың басты мақтанышы – көне Тараз қалашығы. Бірақ оның жоңғар әскерінен тас-талқаны шықты.

Тараз
Фото: Галина Скрипник / Kazinform

Қазіргі күні мұнда музей жұмыс істейді. Ол жерден қаланы қазу кезінде табылған, тұрғындарының өмірі мен тұрмысынан хабар беретін мыңдаған экспонатты көруге болады.

Тараз
Фото: Галина Скрипник / Kazinform

Орта ғасырларда Тараз үлкен мәдени-экономикалық оазис орталығына айналып, оның құрамына ондаған ірі және шағын қала, ауыл, жеке үй-жай мен бекініс кірді. Тараздың Алтын айналмасының құрамында 30-ға жуық қала болатын. Олардың қатарында – Джувикат, Оххум, Туйеакент, Шельджи, Атлах және басқалары бар. Қазіргі олардың көбі дөң болып қалды.

Археологиялық, тарихи және библиографиялық деректер бойынша, орта ғасырдағы қала VII–X ғасырларда әуелде қазіргі «Көне Тараз» археологиялық кешені аумағында орналасып, Бектұрғанова көшесінен ары аспаған.

Тараз
Фото: Галина Скрипник / Kazinform

Ол кездері осы шекарадан асқан жердің бәрі сауда керуендері өтетін, жау қолы жиі шабуыл жасайтын бетегелі дала болатын.

Кейінірек қала батысқа қарай, қазіргі Төле би даңғылы бойына кеңейе бастады. Қытайдан Еуропаға баратын және қайтатын Ұлы Жібек жолы керуендерінің бәрі осы артерия арқылы өтетін.

Тараз
Фото: Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану мұражайы мұрағатынан

Жамбылдық архивтерде 1864 жылы подполковник Лерхенің осы өңірден өтіп бара жатып, табиғатына тамсанған естелік жазбалары сақталған және сол кездің өзінде қала арқылы көптеген сауда керуендері өтетінің айқын дәлелі болып тұр. Лерхе мырза «Табиғаты ғажап, климаты жайлы, жері бай, диқаншылардың еңбегі ақталып, мол өнім береді. Таза тау суы мен мөлдір бұлақпен суарылатын шалғынды жерлері тамаша. Қала құрылымдарының бірдей көрінісін қала мен оның маңындағы бақтар әсемдеп тұр. Аптап ыстықта паналауға тамаша орын» деп жазған.

Тараз
Фото: Галина Скрипник/Kazinform

Қазір ол жерлерде ықшамаудандар, «Баласағұн» орталық концерт залы, денсаулық сақтау, білім беру мекемелері, саябақтар, сондай-ақ қаланың сәнін келтіріп тұрған - «Һибатулла Тарази» орталық мешіті мен Успения Божией Матери православ шіркеуі орналасқан.

Тараз
Фото: Галина Скрипник / Kazinform
Тараз
Фото: Галина Скрипник / Kazinform

Қазіргі Тараз осы жерде елу-жүз жыл бұрын болған Тараздан айтарлықтай ерекше.

Тараз
Фото: Галина Скрипник / Kazinform

Өткен жүз жылдық басында мұнда бір ғана көше – қазіргі Төле би даңғылы болатын. Кейінгі жүз жылда қаланың барлық бағыты қарқынды дамып, жаңа тұрғын алабы мен шағынаудандар пайда болды.

Тараз
Фото: Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану мұражайы мұрағатынан

Тәуелсіздік жылдары көне және қашанда жас Тараз қаласының сәулеті таңғаларлықтай өзгерді.

Тараз
Фото: Галина Скрипник/Kazinform

Облыс орталығының батыс бөлігінде «Астана» (12-ші) және «Бәйтерек» (13-ші) деген символикалық атауларға ие көпқабатты ықшамаудандар пайда болды. Қалаға заманауи көрік беретін 14-ші және 15-ші ықшамаудан салынып жатыр.

Тараз
Фото: Галина Скрипник/Kazinform

Дизайны жағынан ерекше аллеялар, саябақ, көрнекті мекендер, демалыс орындары пайда болды. Қалада «Жеңіс саябағынан шығатын алғашқы жағалау салынды. Көне саябақтар жаңарып, «Көне Тараз», «Тектұрмас» жаңа тарихи кешендері, жаңа жағалау пайда болды. Арбат-3 жаяу жүргіншілер аумағы «Көне Тараз» бен Қарахан кесенесін жалғайды. «Қарасу» тұрғын үй алабында спорттық алаңқай мен жүгіруге арналған жолдары бар Денсаулық саябағы ашылды.

Тараз
Фото: Галина Скрипник/Kazinform

Заманауи қала аумағы Жамбыл облысының 0,7%-ын алып жатыр. Мұнда өңірдегі тұрғындар санының 33,6 пайызы тұрады. 2025 жылға дейін қабылданған Тараз қаласының бас жоспары бойынша қала маңындағы алты мың гектар жер қалаға қосылады. Солтүстік-батыс бағытта кеңейту, сонымен қатар Талас өзенінің жағалау бөлігін қосып, рекреациялық аймақ жасау көзделіп отыр.

Тараз
Фото: Галина Скрипник/Kazinform

Жергілікті билік қала сәулетін бірыңғай ету, ғимараттар, аялдамалар, шағын сәулет үлгілері мен сауда павильондарын бір үлгіге келтіру үшін жұмыс істеп жатыр. Мақсаты – Тараз бен оның маңын қонақтар үшін көрнекі ету. Туристер қалаға кіргеннен-ақ Тараз – өткен мен қазіргі дәстүрді біріктіретін, тарихқа толы заманауи қала екенін сезуі керек.

Тараз
Фото: Галина Скрипник/Kazinform

 

Соңғы жаңалықтар