08:29, 14 Ақпан 2013 | GMT +5
Тараз қаласында әйел иіс тиіп көз жұмды, ер адам мен төрт бала ауруханаға жеткізілді
АСТАНА. 14 ақпан. ҚазАқпарат - Тараз қаласында «Химик» саяжай алқабында сағат 17.00-де пештің ақауы салдарынан 28 жастағы әйел оқиға орнында мерт болды, 59 жастағы ер адам мен 4, 3, 2 жастағы үш бала мен сәби ауруханаға жеткізілді.

Бұл туралы ҚР ТЖМ баспасөз қызметі хабарлады.