Тараз қаласында бір мезгілде үш автокөлік, оның ішінде 50 жолаушысы бар бағдарлық автобус соқтығысып қалды

АСТАНА. Сәуірдің 1-і. ҚазАқпарат - Өткен тәулікте Тараз қаласының орталық көшелерінің бірінде бір мезгілде үш автокөлік, оның ішінде 50 жолаушысы бар бағдарлық автобус соқтығысып қалды,
None
None

деп хабарлады Төтенше жағдайлар министрлігінен.

Ірі жол-көлік апаты наурыздың 31-і күні таңертеңгі сағат 06.50-де Жамбыл даңғылы мен Сүлейменов көшелерінің қиылысында «Ван-Хул» бағдарлық автобусы, «Ауди» жеңіл автокөлігі және тіркемесі бар «Скания» жүк көлігінің қатысуымен болды.

Оның салдарынан автобустың 30 жастағы аға жүргізушісі оқиға орнында қаза тапты. Автобустың тағы бір жүргізушісі мен екі жолаушысы түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді.

Төтенше жағдайда жоюға Тараз қаласы «Шұғыл-құтқару тобының» 3 адамы мен 1 техникасы жұмылдырылды.

Соңғы жаңалықтар