Тараз қаласында Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған монумент орнатылады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі мен Жамбыл обысының әкімдігі Қазақ хандығының 550 жылдығына орай Тараз қаласында орнатылатын монументтің таңдаулы жобасына республикалық ашық конкурс жариялайды, деп хабарлайды аталған ведомствоның ресми сайты.
None
None

Конкурстың мақсаты - Қазақ хандығының құрылуының тарихи маңыздылығын айшықтайтын монументалды ескерткіштің мүсіндік-көркемдік шешімін табу.

«Конкурсқа ұсынылған жобалар ансамбльдік үйлесімді шешіммен қорытындыланған жоғары идеялық және сәулеттік-көркемдік деңгейде орындалуы тиіс», делінген хабарламада.

Барлық графикалық жұмыстар 60 х 80 см планшетте беріледі. Графикалық орындау әдістері - макеттің түсі, техникасы, материалы және мүсін автордың қалауы бойынша орындалады.

Конкурсқа қатысуға авторлар және авторлық коллективтер шақырылады.

Соңғы жаңалықтар