Тараз қаласында «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасы шеңберінде пәтер алуға өтінімдер қабылданады

Пәтерлер бір шаршы метр үшін бекітілген баға 144 мың теңге бойынша сату арқылы «Тараз қаласы Маяковский көшесі, 42 мекенжайында орналасқан 25 пәтерлі екі тұрғын үй» кешенінен беріледі. 2 және 3 бөлмелі 35 пәтер сатуға қойылған. Сатып алу арқылы пәтер алу туралы өтінімдерді «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ 21 қыркүйекте сағат 10.00-ден бастап 6 қазан сағат 10.00-ге дейін (Астана уақыты бойынша) ішкі ережелерге сәйкес қабылдайды. «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасына Тараз қаласында тұрғын үйі жоқ немесе тұрғын үй жағдайын жақсартқысы келетін адамдар қатыса алады. Аталған тұрғынжайларды екінші деңгейдегі банктерден кредитке алуға болады.
«Бүгінде біз өз жұмысымызда заманауи технологияларды пайдаланамыз. Біз адами факторды алып тастап, өтінімдерді қабылдау процесін толық компьютерлендірдік, - дейді «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ басқарушы директоры Әділбек Көшеров. - Бізден пәтер алғысы келетіндердің өтінімдері www.fnsk.kz ресми сайтында электрондық түрде қабылданатын болады. Қабылдау рәсімі өтінімдердің берілуіне қарай шынайы уақыт тәртібінде құралатын электрондық кезектің жаңа технологиясы бойынша жүзеге асырылады».
Өтінім беру үшін www.fnsk.kz сайтына тіркелу қажет. Тіркелуді өтінім қабылдау басталғанға дейін жасап қойған жөн, себебі сайтқа тіркелу үшін электрондық-сандық қол қажет. Тіркелу және өтінім беру жөніндегі нұсқаулықты www.fnsk.kz сайтынан оқи аласыздар.
Өтінімдерді қабылдау басталатын мерзімде барлық тіркелген пайдаланушылар үшін пәтер сатып алуға өтінім жіберу мүмкіндігі бір мезгілде ашылады. Кезектілік электрондық өтінім қабылданған уақыты бойынша автоматты түрде құралады. Бұл ретте өтінім пәтерлердің белгілі бір түріне беріледі.
«Қолжетімді тұрғын үй-2020» бағдарламасы бойынша «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қорының тұрғын және коммерциялық (тұрғын емес) үй-жайларын өткізу қағидалары, «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қорының тұрғын және коммерциялық (тұрғын емес) үй-жайларын өткізу тәртібі және өтінім беру жүйесі жөніндегі келісім Жылжымайтын мүлік қорының www.fnsk.kz сайтында орналастырылған.
«Тараз қаласы Маяковский көшесі, 42 мекенжайында орналасқан 25 пәтерлі екі тұрғын үй» ТК Тараз қаласының орталық бөлігінде орналасқан. Пәтерлердің жоспары және тұрғын үй кешенінің орналасқан жері туралы толығырақ «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қорының www.fnsk.kz сайтынан біле аласыздар.
«Жариялылық және ашықтық тұрғынжайларды өткізудің жаңа тәртібінің негізін құрайды және пәтерлерді бөлу тәртібі сияқты осындай күрделі әрі жауапты істің мейілінше шынайылығын қамтамасыз етеді», - деп атап өтті Ә.Көшеров.