Тараз қаласының әкімі қалалықтарға жаңажылдық тарту жасады

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ. Қаңтардың 2-сі. ҚазАқпарат /Галина скрипник/ - Тараз қаласының әкімі Ертарғын Астаев қалалықтарға жаңажылдық тарту жасады.
None
None

Жаңа жылдың қарсаңында, желтоқсанның 31-інде ол Аяз Ата болып киініп, «Достық» орталық алаңындағы мерекелік ойын-сауыққа қатысты, оның қала басшысы екенін ешкім де тани алмады.

«Балаларды қызыққа кенелтетін Аяз Ата болу соншалықты күрделі әрі жауапкершілігі мол рөл екені туралы ешқашан ойланған жоқ едім», - деп өз әсерлерімен бөлісті Е.Астаев. Оның үстіне бұл күні ауаның температурасы 17 градусқа дейін ысып, тон киіп, сақал жапсырған әкім әбден пысынап кеткен еді.

Тараз қаласы әкімінің мәліметтері бойынша, жаңа жылдық мерекелерде облыс орталығының бүлдіршіндеріне он мыңға тарта сыйлық үлестірілген.

Соңғы жаңалықтар