Тараз құбыр зауытында облыс әкімі Қ. Бозымбаевтың қатысуымен жаңа желінің ашылу рәсімі өтті

None
None
АСТАНА. 1 шілде. ҚазАқпарат - Жамбыл облысында Индустрияландыру күнінің аясында ҮИИД бағдарламасының аралық қорытындысы шығарылды және жаңа инвестициялық жобалар іске қосылды, деп хабарлайды рm. kz сайты.

Атап айтқанда, Тараз құбыр зауытында облыс әкімі Қанат Бозымбаевтың қатысуымен жаңа желінің ашылу рәсімі өтті. Қапталған құбыр шығаратын жаңа технологиялық желі зауыттың өнімділігін 3 есеге арттыруға мүмкіндік береді. Іске қосылған желінің күнделікті өнімділігі 180 метр дайын өнімді (диаметрі 450 мм дейін) құрайды. Жобаның құны 500 мыңға жуық долларды құрайды.

«Қапталған құбыр температурасы +130 градусқа жететін жылу тасымалдаушы желілерінің құрылысы үшін қолданылады. Жаңа технология құбырды бойлай мыс сымын тартуға мүмкіндік береді, ол сымдар егер құбыр тесілсе, сол жерді анықтауға көмектеседі», - деді «Тараз құбыр зауыты» ЖШС-нің директоры Ринат Жанглишов.

Сондай-ақ «База Servis». ЖШС базасында кірпіш зауыты іске қосылды. Жаңа технологияға негізделген бұл өндіріс жылына 15 млн. дана кірпіш шығаратын болады.

Индустрияландыру картасы бойынша өңірде «Jambyl Cement» зауыты жұмыс істеп жатыр. Оның жылдық қуаты 1,2 млн. тонна цементті құрайды. Өндіріс құрғақ әдіспен жүргізіледі және жаңа технология экологиялық салмақты қысқартуға, шығынды азайтуға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ «Алтыналмас» комбинаты» АҚ-ында құрамында алтыны бар руданы өңдеумен айналысатын кәсіпорын жұмыс істеуде. Зауыт ағымдағы жылдың 5 айынла 370 тоннаға жуық алтын өндіріп отыр.

Индустрияландыру күні Жамбыл политехникалық колледжінің студенттері ҮИИД бағдарламасының нысандары: «Қазфосфат» ЖШС, «Тараз металлургиялық зауыты» ЖШС, «Энерджи Тараз» ЖШС сияқты кәсіпорындардың жұмыстарымен танысты.

 

Соңғы жаңалықтар
telegram