17:57, 27 Шілде 2015 | GMT +5
Тараз маңында 35 жастағы ер адам суға батып кетті
ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Тараз маңында қайғылы оқиға орын алды, деп хабарлады Жамбыл облыстық ТЖД баспасөз қызметінен.
«26 шілдеде сағат 17:13 ТЖД-ға сағат 17:00 Құмшағыл ауылы маңындағы су толы карьерге шомылған 1980 жылғы Тараз қаласының тұрғыны батып кетті», - делінген хабарламада.
Жамбыл облыстық ТЖД Жедел-құтқару жасағының үш қызметкері «Нива» көлігімен оқиға орнына шықты. Сағат 17:45 суға кеткен адамның мәйіті табылып, судан шығарылды.
Жамбыл облыстық ТЖД атап өткендей, жыл сайын облыс аумағында жүзу кезінде осы тәріздес оқиғаның ондаған фактісі тіркеледі. 2015 жылдың басынан өңірдегі су қоймаларында шомылған 12 адам қаза тапты, олардың ішінде үш бала бар. 48 адамды Жамбыл облыстық ТЖД құтқарушылары құтқарды.