Тараз оқушылары «Кәсіпкерлік негіздері» пәнін оқып жүр

ТАРАЗ. ҚазАқпарат -Биыл жаңа оқу пәні республика бойынша жекелеген мектептерде пилоттық режимде сыналып жатыр. Соның бірі ретінде Тараздағы №9 орта мектебінің 10 сынып оқушылары «Кәсіпкерлік негіздері» пәнін оқуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

«Кәсіпкерлік негіздері» - Қазақстандағы орта білім беретін мектептің 10-11 сынып оқушыларына арналған таңдау пәні. 2019 жылы жаңа оқу жылынан бастап бұл пән барлық орта мектептердің оқу бағдарламасына енгізіледі.

«Профильді пәнді таңдаған оқушылардың барлығынан кәсіпкер шығады деу қате. Басты міндет - өмірлік қиындықтар мен мәселелерді мүмкіндік ретінде қабылдап, алынған білімді өз қызметінің күнделікті саласында пайдалануы үшін оқушылардың кәсіпкерлік тұрғыдан ойлауын дамыту. Оқу бағдарламасы шет елдің үздік тәжірибелерін қолдана отырып жасалған және Қазақстан жастарына жақын тақырыптардағы кейстік жұмыстарға негізделген. Оқушылар бизнес негіздерін өздері қатарлас мектеп партасында отырған әрі жақында ғана түлеп ұшқан жас кәсіпкерлердің үлгісінде оқиды. Мұның барлығы оқушыларға таза бизнес-процестерді таныстырып, болашақта жеке кәсіп бастауға ынталандыруы тиіс», - деді Жамбыл облысы кәсіпкерлер палатасының адами капиталды дамыту бөлімінің сарапшысы Дінмұхамед Өмірбайұлы.

Бұл кітапты құруда оқытушылар, әдіскерлерден бөлек, бизнеспен айналысатын кәсіпкерлердің де атсалысқанын жеткізді. Жалпы қыркүйек айында басталған оқыту сабақтары оң нәтиже беруде. Айталық, бүгінге дейін екі оқушысы облыстық білім басқармасы ұйымдастырған байқауға қатысып, өз бизнес жобаларын қорғап шыққан.

Айта кету керек, «Кәсіпкерлік негіздері» оқулығының кіріспесінде Қазақстандағы кәсіпкерліктің тарихы, бизнестің түрлері, экономикадағы шағын және орта бизнестің рөлі, мемлекеттік қолдаудың түрлері стартап жобалар туралы түсінікті қамтыса, негізгі бөлімінде нарық, ақша, бюджет, ресурс сөздерінің мағыналарын түсіндіру қарастырылған. Оқу бағдарламасы шет елдің үздік тәжірибелерін қолдана отырып жасалған, оқу процесі геймификацияға және Қазақстан жастарына жақын тақырыптардағы кейстік жұмыстарға негізделген. Оқушылар бизнес негіздерін өздері секілді мектеп партасында отырған әрі жақында ғана түлеп ұшқан вайнерлер мен жас кәсіпкерлердің үлгісінде оқиды. Мұның барлығы оқушыларға таза бизнес-процестерді таныстырып, болашақта жеке кәсіп бастауға ынталандыруы тиіс.

Бастамашылар бағдарлама мен оқу материалдарын жасай отырып, барлық оқушыдан кәсіпкер мен бизнесмен дайындауды мақсат етпейді. Басты міндет - өмірлік қиындықтар мен мәселелерді мүмкіндік ретінде қабылдап, алынған білімді өз қызметінің күнделікті саласында пайдалануы үшін оқушылардың кәсіпкерлік тұрғыдан ойлауын дамыту. 


Ғибрат Сембай

Соңғы жаңалықтар