Тараз-Шымкент бағытында жол апатына себеп болған ауыр техника шығарылды

АСТАНА. KAZINFORM — «ҚазАвтоЖол» ҰК баспасөз қызметі «Тараз — Шымкент» автожолында болған жол апатына қатысты жаңартылған ақпарат таратты.

Машат асуында жүк көлігі жол апатына ұшырап, Тараз — Шымкент трассасын жауып тастады
Фото: Видеодан алынған скрин

Компания мәліметінше, 2025 жылғы 7 маусым сағат 12:20 жағдай бойынша көлік қозғалысы бір жолақпен кезектесіп жүзеге асырылып жатыр.

— Төрт күнге созылған жұмыстардың нәтижесінде ірі габаритті жүк жол жиегінен шығарылды. Қазіргі уақытта тралды шығару жұмыстары жалғасып келеді. Бұл шаралар аяқталғаннан кейін жол жабынының жай-күйі бағаланып, көлік қозғалысын толық қалпына келтіру жұмыстары басталады. Жүргізушілерден сақтық танытып, жолдағы уақытша шектеулерді ескерулерін сұраймыз, — делінген ведомство хабарламасында.

Бұған дейін Машат асуында жүк көлігі жол апатына ұшырап, Тараз — Шымкент трассасын жауып тастағанын жазғанбыз.

Соңғы жаңалықтар