Таразда 16 күзетші жаппай соққыға жығу ісі бойынша айыпталуда

ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Жамбыл аудандық сотында бұзақылық жасағаны үшін айыпталған Тараз қаласының тұрғынына қатысты іс қаралуда, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.
None
None

Бұрын хабарланғандай, 2016 жылдың 14 тамызы күні Иван Шерасовты Тараз қаласына жақын орналасқан «Күншуақ» демалыс аймағының 16 қарулы күзетшісі үш метрлік темір құралмен соққыға жығып, бірнеше жерінен пышақ салған. Шерасов күзетшілердің бірі жармасқан қызды одан құтқармақ болған. Бұл оқиға демалыс аймағының видеобақылау камераларына түсіп қалады. Дәрігерлер екі күрделі отадан кейін жігіттің өмірін сақтап қала алды.

Бұл ретте, Жамбыл АІІБ тергеушісі Әнуар Кәріпсейітов төбелес кезінде А. есімді азаматтың жамбасына пышақ салғаны үшін зардап шегуші Иван Шерасовты бұзақылық жасады деп айыптауда. Оның үстіне, жаппай соққыға жығылып, бірнеше жерінен пышақталған И. Шерасовтың төбелес кезінде ұялы телефоны және құжаттары мен ақшасы салынған әмияны ұрланған. Бірақ тергеуші бұл фактілерді назарға алмаған. Тергеу материалдарына енгізілген сыртқы бақылау камераларындағы жазбалар тексерілмеген.

Жәбірленушінің адвокаты облыстық прокуратураға Жамбыл АІІБ-дегі тергеудің объективті еместігіне шағым түсіргеннен кейін ғана тергеуші Әнуар Кәріпсейітов ауыстырылды. Видеокамералардағы жазбалар тексеріліп, 22 қазан күні күдікті ретінде тағы Т.есімді азамат ұсталады. Ол Иван Шерасовты бірнеше жерінен пышақтағанын мойындады. Жамбыл облыстық прокуратурасы тергеуді бақылау жөніндегі басқармасының басшысы Мехти Назаров бақылау органы бұл істі өз қадағалауына алатындығына және тергеудің әділ жүргізілетіндігіне сендірді.

Иван Шерасовтың адвокаттарының айтуынша, сот барысында 14 тамыз күні болған оқиғаның шын картинасын құрастыру қажет. Себебі, төбелесті ұйымдастырушылар қасақана жалған айтуда.

«Ұрып-соғуға қатысқан жарақат алған А. есімді азамат ТарМУ-дың заң факультетінің студенті, болашақ  заңгер. Сол күнгі төбелесте оған өз достарының пышағы тиіп кетуі мүмкін ғой», - деп түсіндірді И. Шерасовтың өкілі Роза Кушакова.

Жамбыл облыстық ІІД-ден хабарлағандай, аталмыш факті бірегей реестрде ҚР ҚК-нің 293-бабы 3-тармағы (қаруды қолдана отырып, қылмыстық топ жасаған бұзақылық) және 106-бабы 2-тармағы (денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру) бойынша тіркелген. 

Соңғы жаңалықтар