Таразда 201,4 шақырым жол жөнделеді

Үгіт-насихат шарасы барысында Батырбек Әбдірәсілұлы жұртшылыққа «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын таныстырып, алдағы жылдары атқарылатын жұмыстарға тоқталды. Әсіресе, инфрақұрылым желісін жақсарту, көшелер мен аулаларды абаттандыру бағытында бірқатар шаруалар қолға алынбақ.
Айта кету керек, қаладағы жалпы ұзындығы 1 831 шақырым болатын автокөлік жолдары көліктің қауіпсіз әрі тиімді жүруін қамтамасыз етеді.
Бұл үшін «Nur Otan» партиясы 2025 жылға қарай ұзындығы 201,4 шақырым жол жөндеу жұмыстарын жүргізуге, автобус паркін 2025 жылға қарай 52%-дан 90%-ға дейін жаңартуға, жыл сайын кемінде 50 автобус сатып алуға ықпал етеді. Сонымен қатар қаладағы әлеуметтік бағыттарға бюджеттен субсидия бөлуге, қоғамдық көліктерде электрондық билеттер жүйесін толық көшуге күш салады.
Кездесуде Жамбыл облыстық мәслихатының депутаттығына кандидат Ерқанат Манжуов, Тараз қалалық мәслихатының депутаттығына кандидаттар Эльмира Мырза-Ғали, Бауыржан Молдашев сөз алып, айқын мақcаттар төңірегінде ой өрбітті.
Өз кезегінде «Астана» ықшамауданының тұрғындары Тұрар Төлебеков, Мәдина Нұрабаева кейінгі жылдары аулаларды абаттандыру, жаңадан автотұрақ салу бағытында көп жұмыс атқарылғанын тілге тиек етіп, көршілерімен бірге «Nur Otan» партиясына дауыс беретіндіктерін жеткізді.
«Nur Otan» партиясы Тараз қалалық сайлау қорының қаражатынан төленді.