08:23, 13 Ақпан 2013 | GMT +5
Таразда 3 баллдық жерасты дүмпулері сезілді
АСТАНА. 13 ақпан. ҚазАқпарат - «ҚР БҒМ ҒК СТӘЭ» ММ Сейсмологиялық станса жүйесі бүгін алматы уақыты бойынша сағат 01.19-да жер сілкінісін тіркеді.

Зілзала Алматы қаласынан батысқа қарай 483 шақырым жерде, Қырғызстанның аумағында орналасты.
Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 11.0. Тербелісі - MPV 4.8. Зілзала 10 шақырым тереңдікте орналасты. Жер сілкінісі Тараз қаласында 3 баллдық күшпен (МSК-64 шкаласы бойынша) сезілді.