Таразда 40-тан астам отбасыға жаңа пәтердің кілті тапсырылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Тұңғыш Президент күні мерекесі қарсаңында Тараз қаласында «Өңірлерді дамытудың-2020» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында салынған үйлердің құрылысы аяқталып, 40-тан астам отбасыға жаңа пәтердің кілті тапсырылды, деп хабарлайды облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі.
None
None

Көп жылдан бері құрылысы тоқтап тұрған «Атшабар» тұрғын үй кешенінің құрылысын «Қазақстан ипотекалық компаниясы» Ипотекалық ұйымы» АҚ-ы жүргізген. Тұрғын үй 210 пәтерлі, 1 шаршы метрінің бағасы 923 теңге. Бағдарлама негізінде мемлекет әлеуметтік жалдамалы баспананы салып, оны тұрғындарға сатып алу құқын бере отырып, ұзақ мерзімді жалға ұсынады. Пәтер иелері - тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтар.

Бағдарлама бойынша құжат тапсырған азаматтар саны 100 болса, оның ішінде 22 адам банктің төлем қабілеті растауын алғандар.

Бұдан өзге облыс орталығында «Бәйтерек», «Арай», Маяковский көшелерінде тұрғын үйлер құрылысы аяқталып, таяу күндері пайдалануға берілмекші. Сондай-ақ, «Арай» шағын ауданында 280 орындық балабақша ашылады.

Соңғы жаңалықтар