Таразда әкімдік ғимаратына шабуыл жасағандар есірткінің әсерінде болған - прокуратура

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Таразда әкімдік пен департамент ғимаратына шабуыл жасаған 11 адам көз жұмды. Бұл туралы ҚР Бас прокуратурасы 1-қызмет бастығының орынбасары Елдос Қилымжанов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None
«Биылғы 6 қаңтарда Тараз қаласы әкімдігінің және Жамбыл облысы Мемлекеттік кірістер департаментінің ғимараттарына қарулы шабуыл жасалды. 500-ге жуық адамнан құралған топтың арасындағы қарулы адамдар аталған ғимараттарға оқ атты. Соның салдарынан полиция қызметкері қаза болды. Осыған байланысты құқық қорғау органдары қарсы оқ атып, 11 қылмыскердің көзі жойылды», - деді Е. Қилымжанов Орталық коммуникациялар қызметінде.

Оның айтуынша, медициналық зерттеулердің нәтижелері бойынша шабуыл жасаған 9 адам мас күйінде және екеуі есірткінің әсерінде болған.

Бұдан бұрын хабарланғандай, қаңтар оқиғасына қатысты сот санкцияларымен 627 күдікті адам қамауда отыр.

Сонымен қатар Талдықорғанда мемлекеттік нысандарды басып алу қатысушыларын қаржыландырғандар анықталды.


Соңғы жаңалықтар