Таразда алғашқы қар жауды

АСТАНА. KAZINFORM — Жамбыл облысының басым бөлігінде күн суытып, жауын-шашын жауды. 

Таразда алғашқы қар жауды
Фото: Алексей Поляков/Kazinform

Өңірге биыл алғашқы қар белгіленген мерзімнен бір айдан астам уақыт бұрын түсті.

Таразда алғашқы қар жауды
Фото: Алексей Поляков/Kazinform

Қала тұрғындары 1 қазанның өзінде күннің күрт суытқанын сезінді. Күндізгі температура + 3-5°C шамасында болды, жауын-шашын болды. Бұл синоптиктер үшін күтпеген жағдай еді, бір күн бұрын таратылған болжамда тек жаңбыр жауатыны айтылған, дегенмен «Қазгидромет» күн райының бұзылатыны туралы ескерту жасаған.

— Облыстың таулы аймақтарында түнде нөсер болып, бұршақ жауып, екпінді жел соғады. Күн күркіреп, кей жерлерде тұман түсуі мүмкін. Солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с жетеді, — деп хабарлады ведомство.

Таразда алғашқы қар жауды
Фото: Алексей Поляков/Kazinform

Қар ұшқыны әлі дымқыл жерге тиген бойда еріп, суға айналып жатыр. Бірақ алғашқы қардың жауғаны назардан тыс қалған жоқ — тұрғындар әлеуметтік желіде суреттерімен бөлісіп, қазанда күтпеген күн райына қуанышын білдіріп отыр.

Алайда облыстың солтүстік және солтүстік-батыс аудандарда қар жауған жоқ. Ол жақта күн жылырақ — Сарысу мен Мойынқұм аудандарында термометр +8°C, ал Қаратауда +5°C шамасында.

Бұған дейін Жамбыл облысында қазан айында күн райы қандай болатынын жазған едік

Ал еліміздегі жеті облыстың жүргізушілеріне ауа райының нашарлауына байланысты ескерту жасалды

Соңғы жаңалықтар