Таразда «Армандарды орындайтын мешіт» бар

ТАРАЗ. 7 ақпан. ҚазАқпарат /Галина Скрипник/ - Мыңдаған жылдар өте келе археологтар тарапынан қалпына келтірілген Тараздың ежелгі мешітінде Құранның сүрелері қайта жаңғырық табуда.
None
None

Төрт жылдан бері мұнда Тараз тұрғындары мен қонақтары, дүниежүзінен туристер мен тарихи мұраларға қызығушылық танытатындар көптеп ағылуда. Олардың арасында Аллаһ тағалаға құран бағыштағысы келетіндер де баршылық.

Жер астынан қазып алынып, 2006 жылы қайтадан қалпына келтірілген Тараздағы мешіт сол кездің өзінде Қасиетті орынға құлшылық етем деушілердің зор қызығушылығына бөленді. Халық өз арасында бұл мұсылмандық мешітті қарапайым ғана - «Армандарды орындайтын мешіт» деп атап кетті.

«Сұрасаң, беріледі» деген. Осы жерде болып, бірнеше қайтара өздерінің күйбең тіршілігі мен проблемаларын шешіп беруге жалбарынған мінәжаттары уақыт өте келе орындалып, оларды толғандырған проблемалар артта қалуда. Бұған қонақтарға арналған Кітаптағы түрлі тілде және түрлі стильде жазылған көптеген жазбалар куә.мечеть

«Біздің Мешітке Ресей. Жапония, Италия, Франция, Австрия, Германия, Араб Әмірліктерінен, Америка Құрама Штаттарынан да қонақтар болды. Бұл жерде тек Африка мен Австралиядан өкілдер болмаған сыңайлы, ал жалпы алғанда барлық құрлықтардан да қонақтар келді. Олардың барлығы дерлік біздің кітаптарда өз қолтаңбаларын қалдырған», - дейді осы мешіттің имамы әрі тұрақты гиді Базарбай Баймұратов.

Соңғы жаңалықтар