Таразда атыс кезінде қылмыскерді залалсыздандырған полицейлер наградаға ұсынылады

Еске салсақ, 19 маусымда қаланың 6-шы шағынауданында учаскені торуылдау кезінде Тараздың ІІБ полицейлері полиция сержанты Бекжан Тіленшиев атыс дыбысын естіп, көп қабатты үйдің кіреберісіне кіріп кеткен қарулы қылмыскердің ізіне түседі.
Оқиға орнына жақын жерде жүрген полицияның учаскелік аға сержанты Данияр Зауырбек жетті. Кіреберісте екі қабат арасындағы сатыда ол белгісіз біреу Тіленшиевке қарсы оқ атқанын байқады.
«Қорғана жүріп, Зауырбек қылмыскерді дәл көздеп, оған қарсы оқ атты. Артынша ұялы телефонынан «102» нөміріне қоңырау шалып, жедел жәрдем шақыртты. Атыс кезінде жол-патрульдік полиция қызметкері Тіленшиев ауыр жарақат алды», - деді ІІД баспасөз қызметінде.
Полиция инспекторы Д. Зауырбек пен жол-патрульдік полиция қзметкері Б. Тіленшиевтің ширақ, батыл қимылының арқасында қылмыскер ұсталып, залалсыздандырылды.
Қазір Тіленшиев ауыр жағдайда ауруханада жатыр.