Таразда автомобиль сауда орталығына соғылды, бір адам ажал құшты

ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Бүгін таңертең Тараз қаласының орталығында жол-көлік апаты болды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі Жамбыл облыстық ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
None
None

Таңғы сағат алтыда «Тойота-Королла» көлігін тізгіндеген 21 жастағы жүргізуші орталық көшелердің бірі - Қонаев көшесімен келе жатып, Абай даңғылымен қиылысында бұрылудың орнына, әрі өтіп кетіп, «Айлара Центр» сауда орталығының ғимаратына соғылған.

Жол апаты салдарынан жүргізуші және көлікте болған екі әйел №1 қалалық ауруханаға жеткізілді.

Ведомство баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, жарақат алған жүргізуші қазір ауруханада. Жолаушылардың бірі үйіне қайтарылды. Екіншісі - жансақтау бөлімінде көз жұмды.

Жолаушының айтуынша, көлікті басқару кезінде жүргізушінің бұлшық еттері құрысып қалған, соның салдарынан сауда үйіне соғылған.

Аталған факті ҚР ҚК 345-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу реестріне тіркелді. 

null null 

Соңғы жаңалықтар