Таразда балаларға арналған автокреслолар бағасы күрт қымбаттады

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Қазақстандықтар үшін 12 жасқа дейінгі балаларды көлікпен тасымалдаудың еуропалық стандарттарын регламеттейтін жол қозғалысының жаңа ережелері Жамбыл облысында балалардың қауіпсіздік жүйесі тауарларына үлкен сұраныс тудырды.

Облыс орталығындағы дүкендер мен базарлардағы балаларға арналған көлік орындықтарына сұраныс пен ұсыныс мониторингінің мәліметтері бойынша, мұндай тауарлардың бағасы орташа есеппен алғанда 30-дан 300 пайызға дейін өскен. Автокреслолар бағасы қазір 22 мыңнан 36 мың теңгеге дейін, жақында ғана 2,5 мың теңгеден сатылған «балаларға арналған ұстау құралдарының» бағасы бүгінде 7-8 мың теңге көлемінде болып тұр. Бұл ретте осындай тауарлардың тапшылығы байқалуда.

«Қаңтар айынан бастап балаларды арнайы автокреслоларымен тасымалдауымыз керек, олар тапшы. Табылғанымен, бағалары өте қымбат. 3-5 баласы бар ата-аналар қайтпек? Бізде көпбалалы отбасылар көп қой», - деп өз пікірімен бөлісті көлік жүргізушісі Александр Вишневский.

Бұдан басқа, Тараздағы такси жүргізушілері 7 қаңтардан кейін балалы әйелдерді көліктеріне мінгізбейтін болғаны да байқалуда.

Соңғы жаңалықтар
telegram