Таразда бір жылдан кейін зергерлік бұйымдар сатумен айналысатын отбасына жасалған қарақшылық шабуылдың беті ашылды

ТАРАЗ. 17 қазан. ҚазАқпарат - Таразда зергерлік бұйымдар сатушы отбасына бір жыл бұрын жасалған қарақшылық шабуылдың беті ашылды, деп хабарлады Жамбыл облысы ІІД баспасөз қызметінде.
None
None

«Өткен жылдың шілде айында Тараз халқы қаланың орталық базарында зергерлік бұйымдар сатумен айналысқан М. есімді азаматтың отбасына жасалған өрескел шабуылды естіп дүрліккен еді, - деп әңгімеледі облыстық ІІД баспасөз қызметі басшысының м.а. Гульчехра Зияутдинова. - Түнгі сағат бірлер шамасында қаруланған, бет перде киген белгісіз адамдар олардың үйлеріне баса көктеп кіріп, ертеңгі сағат 11.00-ге дейін сол жерде болған. Үйдің ішінде отбасының жеті мүшесі болған, олардың үшеуі - кәмелетке толмаған балалар. Тонаушылар күш көрсетіп, барлық жәбірленушілерді байлап қойып, ірі көлемде зергерлік бұйымдар, ақша, «Мерседес Бенц» маркалы автокөлікті иеленіп кеткен.

Ұрлыққа түскендер жақын күндерде бұл үйге ірі көлемде зергерлік бұйымдар әкелінгенін білген. Жәбірленуші отбасына қылмыстық әс-әрекеттермен бірнеше миллион теңге көлемінде ірі материалдық залал келтірілген, деп атап айтты Г. Зияутдинова.

Кешенді тергеу-жедел іс-шараларын жүргізу кезінде Жамбыл облысы қылмыстық полициясының қызметкерлері кәсіпкерлердің отбасына ұрлыққа түсті деген күдікпен 27 және 31 жастағы Оңтүстік Қазақстан облысының 2 тұрғынын ұстады.

Аталған факті бойынша ерекше ауыр қылмыс санатына қатысты ҚР ҚК 179-бабы 4-бөлімі «б»-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қарақшылықпен шабуыл жасаған адамдар ұсталып, тергеу әрекеттерін жүргізу үшін Тараз қаласына жеткізілді, өз айыптарын толық мойындады. Полиция қызметкерлері қылмыскерлер өз еркімен тапсырған заттай айғақтарды тәркіледі, деп хабарлады Жамбыл облысы ІІД баспасөз қызметінде.

Соңғы жаңалықтар