Таразда борышкер үйлер жылуға қосылды

ТАРАЗ. 11 қараша. ҚазАқпарат /Галина Скрипник/ - Таразда борышкер үйлер жылуға қосылды, деп хабарлады Тараз қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.
None
None

«Тараз энергоорталығы» АҚ хабарлауынша, жылыту маусымының басына шаққанда жылумен қамту ұйымы 85 көппәтерлі үйдің тұрғындарынан 90 млн. теңгелік қарыздарын ала алмай жүрген.

«Бұл қарыздарды сот тәртібімен өндіріп алуды жоспарлап отырмыз», - деп нақтылады «ЖЭО» АҚ президенті Мырзахан Бұрханов. Оның айтуынша, қарызы бар пәтерлер жылудан ажыратылған, ал төлемақыны уақытылы төлеп жүрген пәтер иелеріне жылу транзиттік құбырлар арқылы жеткізілуде.

«Шамамен 495 борышкер пәтер жылудан ажыратылды», - деді М.Бұрханов.

Соңғы жаңалықтар