Таразда «ЭКСПО-2017» көрмесіне еріктілерді дайындап жатыр (ФОТО)

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Таразда Қазақстан халқы Ассамблеясы кеңесінің отырысында «Үлкен ел - үлкен отбасы» жобасын жүзеге асыру барысы талқыланды. Отырысқа этномәдени бірлестіктердің жетекшілері қатысты.

Облыстағы ҚХА хатшылығының меңгерушісі Лариса Лысева айтып өткендей, 2015 жылы қазан айында Астанада басталған «Үлкен ел - үлкен отбасы» жобасы бойынша аймақтық мәдени-туристік кластерлер құру көзделетінін айтты.

«Сондай кластерлердің бірі «Ұлы Жібек жолын жаңғырту» біздің облыста жүзеге асырылып жатыр. Өткен жылы Қазақ хандығының 550 жылдығын тойлау аясында Таразда Қазақстан халқы Ассамблеясының ұйымдастыруымен «Жібек жолындағы сұхбаттар» халықаралық мәдени жобасы, «Ұлы дала елі» халықаралық конференциясыы ұйымдастырылды. Ір адам жас ерекшелігіне қарамай өз өлкесінің тарихын білуі тиіс. Сондықтан да аймақтық Ассамблея білім басқармасы мен тілдерді дамыту басқармасымен бірлесіп, ең алдымен болашақ ұрпақтың тәрбиесіне аса мән береді», - деді Л. Лысова.

Аталған жоба екі бағыт бойынша жүзеге асырылмақ. Ол «Өз өлкеңді таны» - балаларға арналған туристік маршруттар, сонымен бірге «ЭКСПО-2017 еріктілері». ЖАмбыл облысы аймағы бойынша экскурсия жасайтын тарихи орындарға «ЭКСПО-2017» нысандары да енген. Ол жерде еріктілер үш тілде - қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде арнайы оқудан өтеді.

Айта кетейік, Жамбыл облысында 1,111 млн адам, оның ішінде 87 этнос тұрады.

Жамбыл облыстық ҚХА-ға 73 этномәдени бірлестіктер кірген.

null null null

Соңғы жаңалықтар