Таразда ел туымен безендірілген көліктер шеруі өтті

ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Мемлекеттік рәміздер күнін жамдылдықтар облыс орталығында да, өңірдің түкпір-түкпірінде де мерекелік іс-шаралармен атап өтті.
None
None

Таразда Тұңғыш Президент атындағы мәдениет және демалыс саябағында қаланың мыңдаған тұрғындары жиналды. Салтанатты митинг мемлекеттік Әнұранды шырқаудан басталды. Мерекеге орай ел туымен безендірілген 12 байкер, 10 көлік, 20 велошабандоз, патриоттық суреттер бейнеленген футболкалар киген 30 жеңіл атлет Тараз көшелерін аралап өтті. Жоғары оқу орындары мен колледж студенттері атаулы күнге арнап әдемі флеш-моб ұйымдастырды. Жарасымды биімен қуантқан жастар паториоттық ұрандарды бір дауыспен айтып, соңында су бұрқақтың жанында ортасында жарқыраған күнімен Мемлекеттік Тудың бейнесін жасап шығарды. Кешке қарай орталық алаңда «Рәміздерім мақтанышым!» атты форум өтті. Студенттер театрландырылған көрініс қойды. Соңында қазақстандық мәдениет саласының жұлдыздарының қатысуымен үлкен концерт берілді.

Соңғы жаңалықтар