Таразда Халық Қаһарманы Ғазиз Байтасовтың туған күнін атап өтті

Бір минут үнсіздік пен аспанға оқ атып, келушілер қызметтік борышын орындау кезінде қаза тапқан ІІО қызметкерлерін еске алды.
«Олар мәңгілік жадымызда сақталады», деді ІІД бастығы полиция генерал майоры Тілеген Мәткенов.
«Олардың ішінде лаңкесті ұстау кезінде ерлікпен қаза тапқан жол полициясы жеке батальоны 1-взводының командирі полиция каптаны Ғазиз Байтасов деген ерекше жан бар. Ол Қазақстанда «Халық Қаһарманы» жоғары атағына лайықты болған алғашқы полицей».
Халық батырының жұбайы Гүлжамал Тәжиева жиналған қауымға туыстары атынан сөз сөйледі. Ол жақын адамының өмірден ерте озғаны жайлы қайғысымен бөлісіп, қалалықтарды, басшылықты, жеке құрамды қаза тапқандардың отбасына қамқорлық көрсетіп, көңіл бөлгендері үшін алғыс білдірді. Ғазиздің әріптестерінің қызметіне тыныштық пен оларға денсаулық тіледі.
Еске салсақ, Таразда 2011 жылы 12 қарашада лаңкестердің қылмысы салдарынан 7 адам қаза тапқан, оның 5-еуі полиция қызметкері, 2-еуі азаматтық тұлғалар. Бұдан басқа ішкі істер органдарының үш қызметкері жарақат алған.