01:44, 24 Шілде 2015 | GMT +5
Таразда халықаралық «Әулие ата» әуежайының құрылысы аяқталып келеді (ФОТО)
ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Таразда болатын Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған салтанатқа қонақтар жаңа әуежай кешені арқылы келе алатын болады, деп хабарлады Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі.
2012 жылы басталған ұшу-қону жолағын жаңғырту және жаңа терминал құрылысының аяқталуымен Тараздың «әуе қақпасы» кең техникалық мүмкіндіктері және жоғары сервистік қызметі бар әуежайға айналмақ.
.Бүгінгі таңда терминал құрылысының үш кезеңі аяқталып, төртінші кезең бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр.
Аумағы 5, 5 мың шаршы метрлік жаңа терминал сағатына 200 жолаушыға қызмет ететін болады.
Тараздан Мәскеу, Ақтау, Атырауға тікелей, сондай-ақ Анталия мен Дубайға чартерлік рейстердің ашылуы күтілуде.