Таразда қала күнін мерекелеу құрметіне ролледром ашылды

 ТАРАЗ. 5 қазан. ҚазАқпарат - Таразда қала күнін мерекелеудің құрметіне алғаш рет ролледром ашылды, деп хабарлады ҚазАқпарат тілшісіне қала әкімінің баспасөз қызметінен.
None
None

Аталған құрылыстың демеушісі жеке кәсіпкер Салтанат Байназарова болды, оны салу бастамасын қалалық әкімдік алға жылжытты. Салтанатты ашылу кезінде бірқатар спорттық-бұқаралық шаралар - скейтборд тебу, велоспорт, көше билері және т.б. бойынша жарыстар, өткізілді.

 Роллердром төрт ай бойы салынды, оның ауданы 0,89 гектарды құрайды, қала орталығына жақын жердегі Әл-Фараби көшесінде орналасқан. Тілек білдірген адамдар осы жерге қиындықсыз жете алады.

Соңғы жаңалықтар