Таразда қалалық арықтарды тазалауға шамамен 50 млн. теңге бөлінді

ТАРАЗ. 11 сәуір. ҚазАқпарат - Тараз қаласының арықтарын тазалауға шамамен 50 млн. теңге бөлінді.
None
None

Облыстық прокуратураның баспасөз қызметінен хабарлағандай, прокурорлық әрекет ету шараларына орай облыстағы барлық су нысандары мен гидротехникалық құрылғыларды тексеру жұмыстары ұйымдастырылды.

«Тасқын кезеңінде негізгі өзекті мәселе - арық жүйелерінің ластануы, су жүйелерінің нашар техникалық жағдайы. Облыс прокуратурасы қалалық және аудандық прокурорларға тапсырмалар беріп, Тараз қаласының және аудандардың әкімдеріне, облыстық төтенше жағдайлар бойынша департаментіне шараларды қолдану қажеттілігі туралы нұсқау хаттар жіберді», - деп мәлімдеді Жамбыл облысының прокуроры Бағбан Тайымбетов.

Қадағалау органынан хабарлағандай, аймақтарда су жіберу құрылғыларын тазалау, өзендер арналарын кеңейту, бұрып жіберетін арықтарды қазу үшін барлық қаржы көздері ізделген.

«Экологиялық тазалық пен тұрғындардың денсаулығына қатысты бұл мәселе прокуратураның ерекше бақылауында», - деп атап өтті Б.Тайымбетов.

Соңғы жаңалықтар