17:40, 12 Қаңтар 2009 | GMT +5
Таразда қалалық ішкі істер бөлімі құрылды
ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ. Қаңтардың 12-сі. ҚазАқпарат /Галина Скрипник/ - Таразда қалалық ішкі істер басқармасы құрылды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.«Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасымен республика ішкі істер органдарындағы әкімшілік реформа жасау ауқымында ҚР Үкіметінің 2008 жылғы желтоқсандағы қаулысымен және ҚР Ішкі істер министрінің бұйрығымен бірқатар аймақтарда, соның ішінде Тараз қаласында ішкі істер басқармасы құрылды.
Көшелер мен қоғамдық орындарда қылмыстың көбейе түсуіне байланысты жаңадан құрылған қалалық ішкі істер басқармасы үш полиция бөлімінің жұмысын үйлестіріп отырады.