Таразда қар жауып тұр (ФОТО)

ТАРАЗ. ҚазАқпарат - «Қазгидромет» РМК мәліметінше, 29 наурызға қараған түні Жамбыл облысында ауа температурасы +14 градустан 8 градусқа дейін төмендеген.
None
None

Бүгінде облыс орталығында термометр бағаны - 4 -5 градусты көрсетті. Таңертеңнен Таразда қар жауып тұр.

Жамбыл облыстық ТЖД хабарлағандай, 29-30 наурызда өңір аумағында ескерту жарияланды. Солтүстік-шығыстан соққан жел 18 - 23 м/с дейін, таулы жерлерде 30 м/с дейін күшеюі күтілуде.

«Жамбыл облыстық ТЖД қала мен аудан әкімдіктеріне, облыстық МҰ мен ТЖ қызметтеріне тиісті шараларды қабылдау бойынша телефонограммалар жіберілді. Жергілікті арналарда ескерту мәтіні көрсетіліп жатыр. Мобильді байланыс операторлары Жамбыл облысының тұрғындарына мемлекеттік және орыс тілдерінде SMS хабарламалар жіберуде», деп атап өтті Жамбыл облыстық ТЖД.

Соңғы жаңалықтар