Таразда Қазақстан мен Қырғызстан Үкіметтері басшылары кездесіп жатыр

Таразда Қазақстан мен Қырғызстан Үкіметтері басшыларының қатысуымен екі елдің Үкіметаралық кеңесінің отырысы өтуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Үкімет
Фото: https://t.me/KZgovernment/7498

"Келіссөздер барысында тараптар суды пайдалану, энергетика, сауда, өндірістік кооперация, транзит және көлік, ауыл шаруашылығы, туризм және т. б. салалардағы мемлекетаралық ынтымақтастық мәселелерін талқылайды", - деп жазды ҚР Премьер-Министрінің желідегі ресми парақшасы.

Сонымен қатар Әлихан Смайылов пен Ақылбек Жапаров Қазақстан мен Қырғызстанның I Өңіраралық ынтымақтастық форумының жұмысына қатысады.

Соңғы жаңалықтар