Таразда Қазақстан театрларының XVIII республикалық фестивалі басталды

АСТАНА. Қыркүйектің 20-сы. ҚазАқпарат /Жанна Қорқытова/ - Бүгін Таразда Қазақстан театрларының XVIII республикалық фестивалі басталды. Бұл туралы шараны ұйымдастырушы - «Қазақстан халқының рухани даму қоры» қоғамдық қорынан хабарлады.
None
None

Мәдениет министрлігінің қолдауымен ұйымдастырылып отырған бұл шара Ұлы Жеңістің 65 жылдығына және Бауыржан Момышұлының 100 жылдық мерейтойына арналады.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, фестивальдің мақсаты - театр өнері арқылы Отан қорғаушылардың келбетін ашу, сөйтіп өскелең ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеу және Қазақстан театрларының репертуарын жоғары көркемдік деңгейдегі туындылармен толықтыру болып табылады.

Фестивальге 9 кәсіби драмалық және музыка-драмалық, музыкалық комедия, балалар театры қатысады.

Соңғы жаңалықтар