Таразда қоғамдық көліктегі жолақы қымбаттамақ

АСТАНА. ҚазАқпарат - Таразда әлеуметтік жеңілдікке ие топтар бір-ақ күнде қоғамдық көлікте тегін қатынау құқығынан айырылды. Соғыс ардагерлері, мүгедек жандар мен көпбалалы аналар жолақысын төлей бастаған. Бұған олар қарсы шығып, осындай шикі шешім шығарғандарды алқымынан алды.
None
None

«Астанадан келсем Таразда ақша төлейсің, дейді. Қалай төлеймін, мен екінші топтағы мүгедекпін, соғыс ардагеріне теңестірілген», - дейді Әмірбек Оразов.

Әкімдіктегі жиынға басып кірген ақсақал қоғамдық көліктегі жеңілдіктен айырмауды талап етті. «Онсыз да болмашы зейнетақықымыз жыртығымызды жамауға жетпей жатқанда, бұнысы несі?» дейді. Ал тасымалдаушы компания өкілдері жанармай мен қосалқы бөлшектер қымбаттағандықтан, осындай қадамға баруға мәжбүр екенін айтып ақталды. Барлығына билет сатып, шығынды жаппақ болыпты. Алайда олардың бұл әрекеті ұзаққа бармады. Жиынға келген қала әкімінің орынбасары компанияны әлеуметтік жағынан қорғалған тұлғаларды тегін тасуға міндеттеді. Есесіне, жуық арада қоғамдық көлікте жол жүру құнын көтеруге келісті. Бірақ оның қанша теңгеге қымбаттайтыны әзірге белгісіз, деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Соңғы жаңалықтар