07:42, 29 Наурыз 2015 | GMT +5
Таразда қоғамдық көліктің жолақысы арзандайды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Тараз қалалық мәслихатының кезектен тыс ХХХІХ сессиясы өтіп, онда күн тәртібіне бір ғана мәселе шығарылды.

Халық қалаулылары көпшіліктің сұранысын қанағаттандырып, қоғамдық көліктердегі жол ақысын бес теңгеге түсірді. Бұл туралы қалалық әкімдіктің баспасөз қызметінен хабарлады.
«Бұған дейін жыл басында жол ақысы 60 теңгеге көтерілгенде қала тұрғындары наразылық танытқан болатын. Дегенмен, бүгінгі күні жанар-жағар майдың төмендеуіне байланысты қоғамдық көліктерде жол жүру құны 55 теңге болып бекітілді. Баға бес теңгеге түсті. Сессияға қатысқан депутаттар бұл ұсынысты бірауыздан қолдады. Енді 2015 жылғы 7 сәуірден бастап қала ішіндегі қоғамдық көліктерде жол ақысы 55 теңге болады. Сондай-ақ, бірқатар санаттағы тұлғаларға тегін жүру құқықтары сақталатын болады», - деп жазылған хабарламада.