20:01, 10 Мамыр 2012 | GMT +5
Таразда «Кока-Кола Былғары доп» балалар-жасөспірімдер жарысы аяқталды
ТАРАЗ. 10 мамыр. ҚазАқпарат - Тараз қаласында «Кока-Кола» компаниясы ұйымдастырған «Кока-Кола Былғары доп» атты балалар-жасөспірімдер жарысы аяқталды, деп хабарлады Жамбыл облыстық әкімдігінің спорт, туризм және денешынықтыру басқармасынан.

Футбол жарысына Қазақстан қалаларынан 1997-1998 жылғы бозбалалардың 16 командасы қатысты.
Ақтық жарыста Алматы облысындағы Іле ауданының № 13 мектебі мен Жамбыл облысындағы Байзақ ауданының Сейфуллин атындағы мектебінің командалары кездесті. Нәтижесінде Алматы облысының балалары 3:2 есебімен жеңіске жетті.
Қазақстан футбол федерациясының вице-президенті Сейілда Байшақов жарыстың деңгейін жоғары, ал журналистер тарапынан сұрақтар туындаған төрешіліктің сапасын «қалыпты» деп атады.
Спорттық жарыстарды ұйымдастырушылардың айтуынша, «Кока-Кола былғары доптың» жеңімпазы Испаниядағы әйгілі Сантьяго Бернабеу стадионында өтетін жарысқа барады.