Таразда коменданттық сағат режимі енгізілген жоқ және енгізілмейді де - Бас прокуратура

ТАНА. 12 қараша. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - «Таразда Ішкі істер министрі бастаған арнайы ведомствоаралық тергеу жедел тобы құрылып, тиісті шаралар қолдануда»,-деді бүгін Бас прокурордың орынбасары Нұрмұхамбет Исаев Таразда болған жарылыстарға байланысты журналистермен өткен баспасөз мәслихатында.
None
None

Оның мәліметтеріне қарағанда, Таразда болған оқиғаға байланысты тергеу толық көлемде жүргізілуде. «Біз үшін басты мәселе болған оқиғаның мән-жайын бүге-шігесіне дейін анықтау. Таразда қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету шаралары күшейтілген режимде жүргізілуде. Ал қалада коменданттық сағат режимін енгізу мәселесі қолға алынған жоқ, алынбайды ба»,-деді Бас прокурордың орынбасары.

Сондай-ақ ол сөзінде қалың көпшілікке интернетте жазылып жүрген еліміздің басқа да аймақтарында жарылыстар болды деген сыңайдағы жалған мәліметтерге сене берудің қажеттігі жоқ екендігін ескертті.

Соңғы жаңалықтар