Таразда Конституцияның 15 жылдығы атап өтілуде

ТАРАЗ. Тамыздың 30-ы. ҚазАқпарат /Галина Скрипник/ - Бүгін Таразда Ата заңымыздың қабылдануының 15 жылдығына арналған мәдени-бұқаралық іс-шаралар өтуде.
None
None

Тараздың «Достық» Орталық алаңына орнатылған үлкен экраннан Елбасы - Жоғарғы Бас Қолбасшы Нұрсұлтан Назарбаевтың мерекемен құттықтауы және Астанада өтіп жатқан Парад тікелей трансляциялануда.

Орталық алаңға жиналған қауымды Конституция күнімен құттықтаған Жамбыл облысының әкімі Қанат Бозымбаев, тәуелсіздік алғалы бері, Қазақстанның қысқа ғана мерзімнің ішінде егемен және дербес мемлекеттің барлық мәртебесіне ие болып отырғанын атап көрсетті. Және бейбіт, бірақ та әскери қуатты мемлекетте, адамға қажетті барлық құқық пен еркіндікті жария етіп отырған демократиялық Конституциясы бар мемлекетте тұратындығымызды мақтан етуіміз керек, деп атап көрсетті әкім өз сөзінде.

Бүгінгі мерекелік салтанат барысында әкім сондай-ақ, жаңадан салынып жатқан «Астана» ықшамауданынан жақында Сингапурде өткен Жасөспірімдердің Бірінші Олимпиадалық ойындарының чемпионы Жәнібек Қандыбаевқа пәтер кілтін табыс етті.

«Жамбыл облысы дәстүр бойынша спорт дарындарының шеберханасы, спорттың түр-түрі бойынша олимпиадалық чемпиондар, рекордшылар мен жүлдегерлер тарту еткен өңір болып табылады», - деді Қ.Бозымбаев өз сөзінде.

Тараздағы Тұңғыш Президент саябағында бүгін кешке «Елімнің Ата заңы» жастар акциясы өтеді.

Соңғы жаңалықтар