00:08, 10 Тамыз 2025 | GMT +5
Таразда көпқабатты үй өртеніп, екі тұрғын ауруханаға түсті
АСТАНА. KAZINFORM — Тараз қаласы Айтиева көшесінде орналасқан бес қабатты тұрғын үйдің екінші қабатындағы пәтерде өрт шықты, деп хабарлайды облыстық ТЖД баспасөз қызметі.

Оқиға орнына жедел жеткен ТЖД қызметкерлері өртті толық сөндірді.

— Түтін басқан пәтерлерден 4 адам, оның ішінде бір мүгедек құтқарылды. Зардап шеккендерді «Апаттар медицинасы орталығы» бригадасы қарап, екеуі ауруханаға жеткізілді. Сонымен қатар 25 тұрғын өз бетімен үйден шығып үлгерген, — делінген ведомство хабарламасында.

Құтқарушылардың үйлесімді және шұғыл әрекеті ауыр зардаптардың алдын алуға мүмкіндік берді.
Осыған дейін Жамбыл мектептеріне өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзғаны үшін тағы да айыппұл салынғаны белгілі болды.